Accessibility links

Медицина қызметкері.
Медицина қызметкері.

Бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1002 адам тіркелді

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 118 млн 455 мың адамнан асты. 67 млн 95 мың адам жазылған. 2 млн 628 мың науқас қайтыс болған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан тараған бұл вирусты "пандемия" деп жариялаған. Коронавирус жайлы қаңтардың басында белгілі болды. Оны алғаш жұқтырғандар Қытайдың Хубэй провинциясының Ухань қаласында тіркелді. Вирус тыныс алу жолын зақымдап, пневмонияны өршітеді. Бұл дерттің көбіне егде жастағылар мен созылмалы ауруы бар адамдарға салдары ауыр болуы мүмкін.

14:06 4.11.2020

Солтүстік Қазақстан облысында 9 қарашадан бастап блокбекеттер орнатылады

Қазақстанның Ресейге жақын орналасқан аймағы - Солтүстік Қазақстан облысында 9 қарашадан бастап карантин күшейіп, блокбекеттер орнатылады. Жергілікті билік облыста өткен аймен салыстырғанда коронавирус жұқтырғандар айтарлықтай көбейгенін айтып отыр. Өңірге жаңадан шектеу шаралары енгізілетінін премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметінің айтуынша, келесі аптадан бастап облыс орталығы Петропавл қаласында периметр бойынша блокбекеттер қойылып, облыс аумағына кіріп-шығу шектеледі. Транзиттік жүк тасымалдайтын жүргізушілерде Covid жұқпағанын дәлелдейтін ПТР-тест анықтама болуы тиіс.

Күн сайын 10-нан астам науқас анықталған елді мекендерде санитарлық блокбекеттер пайда болады.

Петропавл әуежайынан ұшатын жолаушыларда да ПТР-тест анықтама болуы тиіс. Петропавл - Алматы бағыты бойынша жүретін пойыздар саны қысқарады.

9 қарашадан бастап діни нысандар, театр, кинотеатр, мәдени ошақтар жұмысын тоқтатады.

Қоғамдық тамақтану орындары, азық-түліктік емес ірі сауда нысандары, сұлулық салоны, шаштараз, бассейн, фитнес-клуб, жаттығу залдарының жұмыс уақыты шектеледі. Сауда үйлері, сауда орталықтары да демалыс күндері шектеулі режимде жұмыс істейді.

Компанияларға қызметкерлердің басым бөлігін қашықтан жұмыс істеу форматына көшіруге жағдай жасау тапсырылған.

65 жастан асқандарға тек қажет жағдайда ғана сыртқа шығуға кеңес берілген. Петропавл қаласы, Айыртау, Аққайың, Ақжар аудандарында карантин режимін сақтауды қадағалау топтарының жұмысы күшейеді деп айтылады.

Соңғы мәлімет бойынша, Солтүстік Қазақстан облысында коронавирус жұққаны ПТР-тестімен расталған 4 570 адам бар. Соңғы тәулікте 33 науқас тіркелген. Ал облыста нақты қанша адамға коронавирус пневмониясы жұққаны белгісіз. Билік әзірге, мұндай мәліметті жариялаған жоқ.

09:18 4.11.2020

Бір күнде 701 адам коронавирус пен "пневмонияға" шалдықты, 7 адам қайтыс болды

Қазақстанда өткен тәулікте 701 адам коронавирус пен коронавирус пневмониясына шалдыққан: 432 адамға коронавирус жұққаны ПТР-тестімен расталған, 269 адамнан коронавирусқа ұқсас пневмония табылған.

Өткен тәулікте коронавирус жұққаны расталған науқастар арасында 6 адам өлімі тіркелген, коронавирус пневмониясынан 1 адам қайтыс болған.

Наурыз айынан бері коронавирус жұққаны тестімен расталғандар 113 741 адамға жеткен. Басым бөлігі жазылған. 1861 адам қайтыс болған.

Қазақстан билігі ПТР тестімен расталмаған, бірақ ауру белгілері бойынша коронавирусқа ұқсайтын пневмония есебін 1 тамыздан бері жүргізіп келеді. Үкімет дерегінше, тамыздың басынан 3 қарашаға дейін 38 281 адамға коронавирус пневмониясы диагнозы қойылған: 28 899 адам жазылған, 405-і қайтыс болған.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазір коронавирус пневмониясынан 4 981 адам емделіп жатыр. Оның 2 510-ы стационарда ем қабылдап жатыр. 148 науқастың ахуалы нашар, 18 адамның жағдайы - өте ауыр, 20 адам жасанды тыныс алу аппаратымен дем алып жатыр.

Қазақстан коронавирус пневмониясы есебін жүргізгенімен, оны Covid жөніндегі ұлттық статистикаға қоспай отыр. Вирус жұқтырғандардың дүниежүзілік картасында әдетте Қазақстанның ресми дерегі көрсетіліп, коронавирус пневмониясының сандары айтылмайды. Бірақ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қазақстанның екі дерегін біріктіріп көрсетіп отыр. Екі деректі қосқанда Қазақстанда коронавирусқа шалдыққандар 152 022 адам болып шығады.

Covid өлімі статистикасына коронавирус жұқтырғаны расталған, бірақ "ілеспе аурудан қайтыс болды" деген жүздеген адам кірмеген.

15:33 3.11.2020

Түркіменстан билігі тұрғындарға жаңа жылға дейін ел аумағын аралауға тыйым салды

Түркіменстан билігі тұрғындарға 2021 жылдың 1 қаңтарына дейін ел аумағын аралауға тыйым салды. Басқа қала немесе елді мекенге сапарының мақсатын нақты негіздей алған адамдар ғана бара алады. Азаттықтың Түркімен қызметінің хабарлауынша, шектеу шарасы Ашхабад ресми түрде мойындамаған коронавирус індетімен байланысты болуы мүмкін.

Сапарлауға рұқсатты арнайы комиссия береді. Оның құрамына полиция, көші-қон қызметі, аймақ билігі, денсаулық сақтау саласының мамандары, ұлттық қауіпсіздік министрлік өкілдері кіреді.

Азаттықтың Түркімен қызметінің жазуынша, жаңа талаптың кесірінен астанада істейтін облыс тұрғындары Ашғабатқа жете алмай, көбінің ұшақ билеттері жоғалған.

Түркімен билігі наурыз айында да осыған ұқсас шектеу енгізген еді. Ол кезде темір жол және автобус қатынасы тоқтап, аймақтар арасында жолдар жабылды. Қазір бір аймақтан екінші аймаққа іс жүзінде тек ұшақ арқылы жетуге болады.

Ресми дерек бойынша, Түркіменстанда коронавирус инфекциясы жұққан бір де бір науқас тіркелмеген. Бірақ Орталық Азиядағы жабық мемлекеттен келіп түскен көп ақпарат жергілікті халық арасында коронавирус тарағанын растайды. Билік өкілдері қозғалысты шектеп, азаматтарға шаңнан "қорғану" үшін маска тағып жүруге кеңес берген.

14:18 3.11.2020

Әлемдегі коронавирус ахуалы: Еуропада қосымша шектеу шараларын енгізіп жатыр, эпидемия өршіген АҚШ-та сайлау өтеді

  • Коронавирусқа байланысты Германия жартылай локдаун енгізді. Канцлер Ангела Меркель 2 қараша күнгі баспасөз жиыны кезінде алда әлі талай қиындықтар күтіп тұрғанын айтты. Канцлер "тым болмағанда Рождествоны атап өту үшін 25 желтоқсанда бірге жиналып, мерекелеуге мүмкіндігіміз болатын шығар" деп үміт білдірді. Ал скептиктер шектеу шараларының экономикалық салдарына алаңдап отыр.
  • Еуропаның барлық бөлігінде шектеу шаралары күшейіп жатыр: локдаун, коменданттық сағат, карантин т.б шаралар. Көктем кезінде індет ошағына айналған Италияда үкімет коронавирус жылдам тарап жатқан аймақта тұрғындардың үйден шықпауына тыйым саламыз деп жергілікті халық қысымына ұшырады.
  • АҚШ 3 қарашада өтетін президент сайлауына дайындалып жатыр. Елде ауруханалар толып кеткен, коронавирус жұқтырғандар рекордтық көрсеткішке жетті. АҚШ - әлемде індеттен қатты зардап шеккен елдердің бірі. Мұнда эпидемия басталғалы бері 9,2 млн адамнан коронавирус табылған, 231 мыңнан астам адам қайтыс болған.
  • Барлық аймақта коронавирус ахуалы күрделі, бірақ Австралияның Виктория штаты індетті еңсерген сияқты. Мұнда төрт күннен бері бірде-бір науқас тіркелмеген. Бір апта бұрын Викторияда қатаң карантин шараларын жұмсартқан. Шілде айында Австралияда күніне шамамен 400 науқас анықталып келген еді. Қазір бір күнде бірнеше науқас тіркеліп жүр.

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG