Accessibility links

Медицина қызметкері.
Медицина қызметкері.

Бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1002 адам тіркелді

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 118 млн 455 мың адамнан асты. 67 млн 95 мың адам жазылған. 2 млн 628 мың науқас қайтыс болған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан тараған бұл вирусты "пандемия" деп жариялаған. Коронавирус жайлы қаңтардың басында белгілі болды. Оны алғаш жұқтырғандар Қытайдың Хубэй провинциясының Ухань қаласында тіркелді. Вирус тыныс алу жолын зақымдап, пневмонияны өршітеді. Бұл дерттің көбіне егде жастағылар мен созылмалы ауруы бар адамдарға салдары ауыр болуы мүмкін.

10:09 4.12.2020

Өткен тәулікте 225 адамнан коронавирус пневмониясы анықталды, 9 адам өлімі тіркелді

Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараты бойынша, 3 желтоқсанда 225 адамға коронавирус пневмониясы диагнозы қойылған, 2 адам пневмонияның осы түрінен қайтыс болған. 64 адам жазылған.

1 тамыздан бері 42 680 адам коронавирус пневмониясына шалдыққан, содан бері барлығы 448 адам қайтыс болған деп айтылады. 30 792 адам жазылған.

Коронавирус жұққаны тестпен дәлелденген науқастар арасында өткен тәулікте 7 адам өлімі тіркелген. Наурыз айынан бері барлығы 134 706 адамнан коронавирус инфекциясы анықталған, 118 мыңнан астамы жазылған, 2063 адам қайтыс болған.

Қазір 14 мың адам коронавирустан (коронавирус пневмониясына шалдыққандар қосылмаған) емделіп жатыр, 916-ы - бала. 229 адамның жағдайы ауыр, 34 адамның жағдайы - өте ауыр. 29 адам жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Қазақстанда коронавирус жұққандар мен коронавирус пневмониясына шалдыққандар 177 386 адамға жеткен. Көптеген мамандар Қазақстан билігі таратқан коронавирус статистикасына күмәнмен қарайды.

07:22 4.12.2020

3 желтоқсанда 819 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

3 желтоқсанда Қазақстанда коронавирус жұққаны арнайы тестпен расталған 819 адам анықталды, 639 адам жазылды.

Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараты бойынша, өткен тәулікте Шығыс Қазақстан облысында - 137, Павлодар облысында - 106, Солтүстік Қазақстан облысында - 90, Ақмола облысында - 90, Нұр-Сұлтан қаласында - 88, Қостанай облысында - 85, Алматы қаласында 64 адамнан коронавирус инфекциясы анықталған. Қызылорда облысында науқас тіркелмеген.

Наурыз айынан бері коронавирус жұққаны тестпен дәлелденгендер 134 706 адамға жетті: 118 мыңнан астамы жазылған, 2056-ы қайтыс болған.

Дегенмен Қазақстанның Covid статистикасына коронавирус пневмониясына шалдыққандар есебі енгізілмеген. 1 тамыздан бері 42 455 адамға коронавирус пневмониясы диагнозы қойылған, 446 адам қайтыс болған, 30,6 мыңнан астамы жазылған.

Бұған қоса, коронавирус статистикасына Covid жұққан, бірақ "ілеспе аурудан қайтыс болды" делінген жүздеген адам өлімі де енгізілмеген.

Сарапшылар Қазақстанның ресми орындары таратқан коронавирус мәліметке күмәнмен қарайды.

13:08 3.12.2020

Қазақстан наурызда Covid вакцинасын "шығармақ"

Жамбыл облысында коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцина шығаратын зауыт салынып жатыр. Құны 7 млрд теңге болатын зауыт келер жылдың наурыз айында вакцина шығара бастамақ.

– Жыл соңына дейін барлық құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталады. Қаңтар-ақпанда жабдықтар орнатылып, өндіріс құралдары іске қосылады. Жоспар бойынша, [вакцина] сынағының үшінші кезеңі біткен соң, шамамен наурыз айына қарай вакцина өндіру басталады. (...) Биоқауіпсіздікті қамтамасыз етуге келер болсақ, ұлттық биологиялық қауіпсіздік институты халықаралық стандарттар негізінде талаптар қойды, олардың барлығы сақталады. Мұнда вакцинаны сақтау, тасымалдау және әзірлеу процесіне және институт қызметкерлерінің қауіпсіздігіне мән беріледі, – деді Азаттық радиосының сауалына жауап берген Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев.

Билік өкілдерінің айтуынша, жаңа зауытта жұмыс істейтін биологиялық қауіпсіздік мәселелерін зерттеу жөніндегі ұлттық институт қызметкерлеріне арнап үйлер салынып жатыр.

– Онда жұмыс істейтін қызметкерлерді қолдау үшін тұрғын үйлер салынады. 60 пәтерлік алғашқы үй келесі жылы салынып бітеді. Ал қалған екі үйдің құрылысын келесі жылы бастаймыз. Сонда олардың барлығы үймен қамтамасыз етіледі. Жалақыға келсек: мұндай вакцина әзірлеу үшін мықты мамандарды тарту керек. Сондықтан біз олардың жалақысын көтеру жайын ойластырып жатырмыз, – деді Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев.

Биыл маусымда Жамбыл облысы Қордай ауданында түрлі вакциналарды, соның ішінде коронавирус инфекциясының вакцинасын жасайтын зауыт құрылысы басталған. Облыс әкімінің ақпараты бойынша, зауытты салуға шамамен 7 млрд теңге жұмсалмақ. Зауыт жылына 30-60 млн доза коронавирус вакцинасын жасамақ. Мұнда тек коронавирус қана емес, құс тұмауы, бруцеллез, дерматит сияқты індеттерге қарсы, яғни жануар мен адамның иммунитетін көтеруге бағытталған препараттар шығарылмақ.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Covid-қа қарсы қазақстандық екі вакцинаны өз тізіміне қосып отыр.

09:51 3.12.2020

Бір күнде 8 адамнан коронавирус пневмониясы анықталды, 9 адам өлімі тіркелді

Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараты бойынша, сәрсенбі, 2 желтоқсанда 8 адамнан коронавирус пневмониясы анықталған. Бұған қоса, коронавирус пневмониясынан 2 адам қайтыс болған. Коронавирус жұққаны тестпен дәлелденген науқастар арасында 7 адам өлімі тіркелген.

Ресми мәлімет бойынша, Қазақстанда барлығы 133 887 адамға Covid жұққаны тестпен расталған, 118 мыңнан астамы жазылған, 2056-ы қайтыс болған.

1 тамыздан бері 42 455 адам коронавирус пневмониясына шалдыққан. 446 адам пневмонияның осы түрінен қайтыс болған. 30 мыңнан астамы жазылған.

Денсаулық сақтау министрлігі медик-белсенділердің қысымы және Дүниежүзілік денсаулық сақтау министрлігінің кеңесімен коронавирус жұққаны тестпен дәлелденбеген, бірақ клиникалық белгілері коронавирусқа ұқсас пневмонияны Covid деп тануға мәжбүр болды. Бірақ 1 тамызға дейін коронавирус пневмониясы туралы мәлімет жарияланбады. Ведомство сонымен бірге коронавирус пневмониясын коронавирус бойынша негізгі статистикаға қоспай келеді.

Америкалық Джонс Хопкинс университетінің мәліметінше, Қазақстан коронавирус жұққандар саны жағынан әлемде 42-орында тұр (176 334 науқас). Ұйым осы аптада ғана Қазақстанда коронавирус пневмониясына шалдыққандарды да бірге есептей бастады.

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG