Accessibility links

Медицина қызметкері.
Медицина қызметкері.

Бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1002 адам тіркелді

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 118 млн 455 мың адамнан асты. 67 млн 95 мың адам жазылған. 2 млн 628 мың науқас қайтыс болған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан тараған бұл вирусты "пандемия" деп жариялаған. Коронавирус жайлы қаңтардың басында белгілі болды. Оны алғаш жұқтырғандар Қытайдың Хубэй провинциясының Ухань қаласында тіркелді. Вирус тыныс алу жолын зақымдап, пневмонияны өршітеді. Бұл дерттің көбіне егде жастағылар мен созылмалы ауруы бар адамдарға салдары ауыр болуы мүмкін.

12:37 13.12.2020

Балкан тұрғындары Covid-19 инфекциясына қарсы вакцина салдырудан қорқады

Алматы көшесінде кетіп бара жатқан адам. 9 желтоқсан 2020 жыл.
Алматы көшесінде кетіп бара жатқан адам. 9 желтоқсан 2020 жыл.


Балканның батысындағы елдерде тұратын халықтың 75 пайыздан астамы Covid-19 коронавирусы жайлы қастандық теориясына көбірек сенеді. Сербия мұндай пікірге қосы туралы түрлі алыпқашпа сөздерді алға тартып, вирусқа қарсы вакцияна салдыруды қаламайды. Бұл туралы "Еуропалық Балкан" сарапшылар тобы мен Балканға арнаған Еуропа қоры жүргізген сауалнама қорытындысына сүйеніп сербиялық РТС телерадиоарнасы хабарлады.

Сауалнама қорытындысы бойынша, әсіресе Албания тұрғындары қастандық теориясы туралы түрлі долбарға көбірек сенеді. Сербия мұндай пікірге қосылатындардың саны 40 пайыздан 70 пайызға дейін жетеді. Және де олардың аз не көп болуына әңгіменің қастандық теориясының қандай нұсқасына байланысты екені де әсер етеді.

Ұйымдастырушылар сауалнамаға жауап бергендерден коронавирусқа байланысты қандай долбар ең көп тарағанын анықтап көрмек болып, сұрақ қойды. Ондай долбарлардың арасында "коронавирус – биологиялық қару түрі" немесе "мұны фармацептика өндірісі ойлап тапқан" деген тәрізді түрлі болжам кездеседі.

Зерттеу авторларының мәліметінше, Еуропа мен Солтүстік Американың өзге елдерінде жүргізілген осындай сауалнамалар қорытындысы халықтың шамамен ширек бөлігі Covid-19 коронавирусы туралы түрлі қастандық теориясына нанатынын көрсеткен. Ал Балкан елдерінде бұл көрсеткіш екі-үш есе көп. Және де олардың арасында қала тұрғындары да, ауылды жерде тұратындар да бар.

Бұған қоса сауалнама барысында Балканның батысындағы елдердің халқының басым бөлігі коронавирусқа қарсы вакцина салдыруды құптамайтыны анықталған. Тек 39 пайығы ғана вакцина салдыруға келісетінін айтқан. Бұл Еуропаның өзге аймақтарымен салыстырғанда әлдеқайда төмен көрсеткіш. Сербияда сауалнамаға қатысушылардың тең жартысы вакцина салдыруға қарсы болған.

11:54 13.12.2020

Қазақстанда бір күнде 10 науқас көз жұмып, Covid жұқтырған 956 адам анықталды

Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.


Қазақстанда бір күнде он адам коронавирустан қайтыс болып, 956 адамға вирус жұққаны анықталды.

ПТР тест қорытындысына сай, Қазақстанда бір күнде 796 адамға коронавирус жұққаны анықталған. Ал 162 адам "коронавирусқа ұқсас пневмонияға" шалдыққан деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Министрлік мәліметінше, бір күнде Covid-19 вирусынан тоғыз адам қайтыс болған, бұған қоса "коронавирус инфекциясына ұқсас пневмония" дианозы қойылған тағы бір науқас көз жұмған.

13 желтоқсан күні таңертең Қазақстан аймақтарында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны мынадай:

  • Нұр-Сұлтан қаласы – 88;
  • Алматы қаласы – 80;
  • Шымкент қаласы – 1;
  • Ақмола облысы – 72;
  • Ақтөбе облысы – 13;
  • Алматы облысы – 62;
  • Атырау облысы – 50;
  • Шығыс Қазақстан облысы – 97;
  • Жамбыл облысы – 26;
  • Батыс Қазақстан облысы – 38;
  • Қарағанды облысы – 30;
  • Қостанай облысы – 75;
  • Қызылорда облысы – 3;
  • Маңғыстау облысы – 9;
  • Павлодар облысы – 80;
  • Солтүстік Қазақстан облысы –67;
  • Түркістан облысы – 3.

Қазір вирус жұқтырғаны ПТР тестімен расталған 14060 науқас емделіп жатыр, олардың арасында 1049 бала бар. Стационарда 4057 науқас жатыр, 10003 адам амбулатория жағдайында ем қабылдап жүр. 234 адамның денсаулық жағдайы ауыр, 29 адам – өте ауыр халде. 44 науқас ИВЛ аппаратының көмегімен тыныс алып жатыр.

Елде 13 наурыздан бері 141 578 адамнан Covid-19 вирусы анықталған. Осы кезең ішінде 2138 адам қайтыс болған. Қазақстан "коронавирусқа ұқсас пневмониямен" ауырғандарды тек 1 тамыздан бастап қана жеке тіркей бастады. Оған дейін ПТР тест қорытындысы коронавирус инфекциясы жұқпаған деп көрсеткен ондай науқастарды тіркемей келген. Тамыздың басынан бері 43935 адамға "коронавирус инфекциясына ұқсас пневмония" деген диагноз қойылған, 464 адам қайтыс болған.

17:55 12.12.2020

АҚШ Pfizer/BioNTech коронавирус вакцинасын мақұлдады

Мейіргер Pfizer/BioNTech вакцинасын ұстап тұр. Ұлыбритания, 8 желтоқсан 2020 жыл.
Мейіргер Pfizer/BioNTech вакцинасын ұстап тұр. Ұлыбритания, 8 желтоқсан 2020 жыл.

11 желтоқсан күні АҚШ-тың дәрі-дәрмек сапасын бақылайтын мекемесі (Food and Drug administration) Pfizer және BioNTech компаниялары бірлесіп әзірлеген коронавирус вакцинасын мақұлдады.

Осыған орай, видео үндеу жолдаған АҚШ президенті Дональд Трамп вакцинаны миллиондаған адамды құтқарып, пандемияны тоқтатын "медицина ғажайыбы" деп атады.

"Біз қауіпсіз әрі тиімді вакцинаға бар болғаны тоғыз ай ішінде қол жеткіздік. Бұл – тарихтағы ең керемет жетістіктердің бірі" деді Трамп FDA мекемесінің вакцинаны мақұлдағанын хабарлай отырып.

FDA мақұлдауынан бір күн бұрын тәуелсіз кеңесшілер тобы 16 және 85 жас аралығындағы адамдарға арналған екі-дозалы бұл вакцина пайдалануға жарайды деген қорытынды шығарған. Вакцинаны америкалық Pfizer фармацевтикалық компаниясы мен оның германиялық серігі BioNTech әзірледі.

Pfizer осы аптада 1,5 миллион адамға арналған 3 миллион дозаны шығаратынын хабарлады.

Вакцинаны бірінші болып денсаулық сақтау қызметкерлері мен қарттар үйінің тұрғындары қабылдайды.

Pfizer/BioNTech вакцинасы көктемге қарай жаппай қолжетімді болмақ. АҚШ үкіметі Pfizer-ге наурызға дейін 100 миллион дозаға тапсырыс берді.

08:43 12.12.2020

Кейінгі 1,5 айда алғаш рет бірде-бір аймақта науқас саны 100-ден аспады. Covid-тің тәулік дерегі

Коронавирус пандемиясы кезінде Алматы көшелерінде жүрген әйел. 9 желтоқсан 2020 жыл.
Коронавирус пандемиясы кезінде Алматы көшелерінде жүрген әйел. 9 желтоқсан 2020 жыл.

11 желтоқсан күні Қазақстанда ПТР тестімен расталған коронавируспен 789 науқас, 8 өлім тіркелді. Осыған дейін аймақтар бойынша алдыңғы орында болған аймақтардың бәрінде тіркелген науқас саны 100-ден төмен шықты. Жекелеген аймақтар бұл межеден 28 қазаннан бері асып келген.

Аймақтар бойынша жағдай мынадай:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 99
  • Алматы қаласы - 82
  • Шымкент қаласы - 14
  • Ақмола облысы - 69
  • Ақтөбе облысы - 7
  • Алматы облысы - 55
  • Атырау облысы - 26
  • Шығыс Қазақстан облысы - 98
  • Жамбыл облысы - 26
  • Батыс Қазақстан облысы - 38
  • Қарағанды облысы - 30
  • Қостанай облысы - 74
  • Қызылорда облысы - 3
  • Маңғыстау облысы - 9
  • Павлодар облысы - 83
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 71

Вирус жұқтырғаны ПТР тестімен расталған науқастардың жалпы саны осымен 140 784-ке жетіп отыр. Оның 124 729-ы жазылып шыққан, 2129-ы қайтыс болған. Бұл статистикаға коронавирус жұқтырғаны расталған, бірақ "ілеспе аурудан қайтыс болды" деген жүздеген адам кірмейді.

Қазақстан Covid жөніндегі ұлттық статистикасына есебі 1 тамыздан бері жүргізіліп келе жатқан коронавирус пневмониясы деректерін де біріктірмей отыр. Тамыздың басынан бері пневмонияның бұл түрімен 43 773 науқас тіркелген. Оның ішінде 31 364 науқас жазылып шыққан, 463 адам қайтыс болған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, Джонс Хопкинс университеті секілді коронавирустың әлемдік картасын жүргізіп отырған ұйымдар Қазақстанның бұл екі дерегін біріктіріп көрсетіп отыр. Біріктіргенде Қазақстанда 184 557 Covid науқасы тіркелген болар еді.

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG