Accessibility links

Медицина қызметкері.
Медицина қызметкері.

Бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1002 адам тіркелді

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 118 млн 455 мың адамнан асты. 67 млн 95 мың адам жазылған. 2 млн 628 мың науқас қайтыс болған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан тараған бұл вирусты "пандемия" деп жариялаған. Коронавирус жайлы қаңтардың басында белгілі болды. Оны алғаш жұқтырғандар Қытайдың Хубэй провинциясының Ухань қаласында тіркелді. Вирус тыныс алу жолын зақымдап, пневмонияны өршітеді. Бұл дерттің көбіне егде жастағылар мен созылмалы ауруы бар адамдарға салдары ауыр болуы мүмкін.

09:21 21.12.2020

Covid пен пневмония: 681 науқас анықталды, 9 адам қайтыс болды

20 желтоқсан күні Қазақстанда коронавирус жұққаны арнайы тестпен расталған 652 адам анықталды, 29 адамға коронавирус пневмониясы диагнозы қойылды. Бір күнде 8 адам - коронавирустан, 1 адам коронавирус пневмониясынан қайтыс болды.

Өткен тәулікте Павлодар облысында - 75, Алматы қаласында - 72, Шығыс Қазақстан облысында - 68, Қостанай облысында - 65, Солтүстік Қазақстан облысында - 63, Ақмола облысында - 58, Нұр-Сұлтан қаласында 58 адамнан коронавирус инфекциясы анықталған.

Наурыз айынан бері 147 236 адамға коронавирус жұққаны тестпен расталған. Содан бері 131 606 адам жазылды. 2 194 адам қайтыс болды. Covid ­өлімі дерегіне коронавиус жұқтырғаны расталған, бірақ "ілеспе аурудан қайтыс болды" деген жүздеген адам кірмеген.

Қазақстан үкіметі 1 тамыздан бері ПТР тестімен расталмаған, диагнозы ауру белгілері бойынша қойылған коронавирус пневмониясының есебін жүргізіп келеді. Пневмонияның бұл түріне тамыздың басынан 20 желтоқсанға дейін 44 414 адам шалдыққан, 475-і қайтыс болған.

07:38 21.12.2020

Еуроодақ елдері Ұлыбританиямен авиақатынасты үзе бастады

Еуроодақта бірнеше мемлекет Англияның оңтүстік-батысында Covid-тің жаңа штамының тарауына байланысты Ұлыбританиямен авиақатынасты тоқтатты. Ұлыбританиядан авиарейстер қабылдауды тоқтатқанын бірінші болып Бельгия мен Нидерланд хабарлады. Бельгия Еуротоннель арқылы Лондонмен жалғайтын темір жол қатынасын да үзді.

Ізінше Франция, Германия және тағы бірнеше мемлекеттің Ұлыбританиямен авиабайланысты үзгені белгілі болды. 20 желтоқсан түнде олардың саны онға жетті. ЕО өкілдері мәселені осы аптада талқылайды.

Израиль билігі Израиль азаматтығы жоқ адамдарға елге кіруге тыйым салды. Израиль азаматтығы бар Лондоннан келген адамдар екі апта карантинде болуы тиіс.

Жақында Ұлыбритания Англияның оңтүстік-батысы мен Лондонда 4-деңгейлі локдаун енгізген. Британдық басылымдар Рождество мерекесіне байланысты жоспарланған қоғамдық шаралардың өтпейтінін жазып жатыр. Лондонда Рождество қарсаңында мейрамханалар мен дәмханалар жабық болады. Жергілікті тұрғындарға себепсіз үйден шығуына тыйым салынған. Бірнеше отбасының Рождествоны бірлесіп мерекелеуіне де болмайды. Шектеу шаралары кемінде 2 аптаға созылады.

Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсонның айтуынша, коронавирустың жаңа штамы вирустың "қарапайым" түріне қарағанда 70 пайыз жылдамырақ тарайды. Бірақ дәрігерлер оның адам өміріне аса қауіпті емес екенін айтады және вакцинацияға да әсері жоқ.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 20 желтоқсанда коронавирустың жаңа штамы Италия, Нидерланд, Дания, Австралияда анықталғанын хабарлады. Ресей билігі әзірге Ұлыбританиямен авиақатынасты тоқтатпады.

12:10 20.12.2020

Түркия ауруханасында жасаны тыныс аппараты жарылып, 9 адам қаза тапты

Жасанды тыныс аппараты.
Жасанды тыныс аппараты.

Түркияның Газиантеп қаласындағы коронавирус ауруханасындағы жарылыстан және өрттен тоғыз адам қаза тапты деп хабарлайды Анадолу агенттігі елдің денсаулық сақтау министрі Фахреттин Қожаға сілтей отырып.

Жарылыс Санко университеті ауруханасының жан сақтау бөліміндегі жасанды тыныс аппаратындағы ақаудан болған. Жарылыстың нақты себебі анықталып жатыр.

Тірі қалған науқастар жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді. Бірі жолда қайтыс болды.

Аурухана басшылығының мәлімдеуінше, қайтыс болғандардың жасы 56 мен 85 аралығында.

Түркия коронавирус індетінің екінші толқынын басынан өткеріп отыр. Ел билігінің хабарлауынша, кейінгі тәулікте елде коронавирустан 246 адам қайтыс болған. Бір күнде коронавируспен 26 410 адам тіркелген. Індет басталғалы Түркияда Covid-пен 2 миллионнан астам адам тіркелген, оның 18 мыңға жуығы қайтыс болған.

Екінші толқынның салдарымен күресу үшін ел үкіметі түнгі уақытқа комендант сағатын енгізіп, өткен аптаның соңынан бері жаппай карантин жариялады.

12:09 20.12.2020

Рождество алдында Covid шектеулерін күшейткен Еуропа елдерінің шекарасында көлік кептелді

Хорватия шекарасы
Хорватия шекарасы

Пандемия кезінде адамдардың жүріп-тұруына шектеу қойылғанымен Еуропаның оңтүстік-шығысындағы Словения мен Хорватия, Венгрия мен Сербия арасындағы шекаралық бекеттерде адамдар сағаттап кептелісте тұр. Associated Press (AP) агенттігінің хабарлауынша, Батыс Еуропада жұмыс істейтін Түркия, Македония, Косово және Босния азаматтары Рождество және жаңа жыл мерекелерін тойлау үшін әдеттегідей өз үйлеріне көліктерімен қайтып жатыр. Мұндай маусымдық көштер жылына екі рет – қыста және жазда болады.

Еуроодақтың еңбек мигранттары көп тұратын мемлекеттері елге қайта кірерде коронавирус тестін тапсыруды және одан кейін карантинге жатуды міндеттеп отыр.

19 желтоқсан күні Хорватияның HRT дейтін телеарнасы Хорватия мен Босния шекарасында ұзын-сонар көлік кептелісі пайда болғанын хабарлады.

Сол күні кешке Сербияның RTS дейтін телеарнасы Венгриямен шекарада саяхаттаушылар кемі төрт сағат тұрғанын айтты. Кейінгі тәулікте Венгриядан Сербия 16 мыңға жуық адам өткен.

Балқан елдерінде коронавируспен күн сайын мыңдаған науқас тіркеліп, ауруханалары лық толып отыр.

Қазіргі көлік кептелісі дәстүрлі маусымдық көшпен ғана емес, Сербияның 21 желтоқсаннан бастап өз аумағына өтушілерден коронавирус тестінің теріс нәтижесін талап етуімен де байланысты дейді AP.

Қолында коронавирус тестінің теріс нәтижесі жоқ Сербия азаматтары өз еліне оралған соң 10 күндік карантинге жатуға міндетті.

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG