Accessibility links

Медицина қызметкері.
Медицина қызметкері.

Бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1002 адам тіркелді

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 118 млн 455 мың адамнан асты. 67 млн 95 мың адам жазылған. 2 млн 628 мың науқас қайтыс болған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан тараған бұл вирусты "пандемия" деп жариялаған. Коронавирус жайлы қаңтардың басында белгілі болды. Оны алғаш жұқтырғандар Қытайдың Хубэй провинциясының Ухань қаласында тіркелді. Вирус тыныс алу жолын зақымдап, пневмонияны өршітеді. Бұл дерттің көбіне егде жастағылар мен созылмалы ауруы бар адамдарға салдары ауыр болуы мүмкін.

07:46 30.12.2020

Бір күнде 726 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

29 желтоқсанда Қазақстанда коронавирус жұққаны тестпен расталған 726 адам анықталды. Ең көп науқас Нұр-Сұлтанда (107) тіркелген. Алматы қаласында - 81, Павлодар облысында - 65, Алматы облысында - 61, Атырау облысында - 60, Қостанай облысында - 60, Солтүстік Қазақстан облысында - 58, Ақмола облысында - 54, Шығыс Қазақстан облысында - 48, Батыс Қазақстан облысында - 43, Қарағанды облысында 40 адамнан коронавирус инфекциясы анықталған. Жамбыл облысында - 15, Маңғыстау облысында 11 науқас тіркелген. Қалған облыстар мен қалаларда бір тәулік ішінде анықталған науқастар 10-ға жетпейді.

Бір күнде 1 047 науқас жазылған. Наурыз айынан бері 153 925 адамға коронавирус жұққаны тестпен расталған, 2267-і қайтыс болған. 141 731 адам айыққан.

13:14 29.12.2020

Иранға коронавирусқа қарсы Pfizer вакцинасының 150 мың дозасы жеткізіледі

"Қызыл жарты ай" ұйымының Ирандағы өкілдігінің жетекшісі үш апта ішінде Тегеранға Pfizer/BioNTech вакцинасы жеткізіледі деп хабарлады.

"Америкалық филантроптар тобымен жасалған келісім бойынша, коронавирусқа қарсы [Pfizer] вакцинасының 150 мың дозасы елге жеткізіледі" деді 28 желтоқсанда ұйым жетекшісі Карим Хеммати ирандық ақпарат агенттігіне.

Оның сөзіне қарағанда, вакциналар денсаулық сақтау министрлігі белгілеген ереже бойынша үлестіріледі. Хеммати басқа ақпарат айтпаған.

26 желтоқсанда Хеммати "Қызыл жарты ай" ұйымы Қытайдан коронавирусқа қарсы миллион доза вакцина сатып алу бойынша келіссөз жүргізіп жатыр деп хабарлаған.

Иран орталық банкінің жетекшісі Абдолнасер Хеммати өткен аптада АҚШ-тың Тегеран вакцина сатып алуы үшін шетелдік валюта қорын пайдалануға рұқсат бергенін айтқан. Бірақ ол Иранның нақты қай вакцинаны сатып алатынын айтпаған. Иранның ресми тұлғалары оның алдында АҚШ санкциясының салдарынан COVAX бойынша төлем жасай алмай отырғанын айтқан.

Иранда коронавирус жұқтырғандар 54 мыңнан асқан. Иран Таяу Шығыста коронавирустан қатты зардап шеккен ел.

09:03 29.12.2020

Қазақстанда науқастар 200 мыңға жуықтады

Қазақстанда коронавирус жұққаны тестпен расталған науқастар мен Covid-ке ұқсас пневмонияға шалдыққандар 198 659-ге жетті. 2760-ы қайтыс болған. Бұл мәліметке "коронавирустан емес, ілеспе аурудан қайтыс болды" делінген жүздеген адам өлімі енбеген.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) коронавирус пен коронавирус пневмониясына шалдыққандарды бірге есептеуге кеңес бергенмен Қазақстан билігі бөлек есептеп, бөлек жариялап келеді.

08:59 29.12.2020

Бір күнде коронавирус пен пневмониядан 11 адам қайтыс болды

28 желтоқсанда Қазақстанда 18 адамға коронавирус пневмониясы диагнозы қойылды. Бір күнде Covid пен пневмониядан 11 адам қайтыс болды: 8 адам - коронавирустан, 3 адам коронавирус пневмониясынан көз жұмған. Денсаулық сақтау министрлігінің 29 желтоқсан күнгі хабарламасында осындай мәлімет жазылған.

Коронавирусқа ұқсас пневмонияға шалдыққандарды денсаулық сақтау министрлігі 1 тамыздан бері есепке алып келеді. Оған дейін қанша адамның коронавирус пневмониясымен ауырғаны белгісіз. Ол жайлы мәлімет жарияланбады. 1 тамыздан бері 45 460 адамнан коронавирус пневмониясы анықталған, 493-і қайтыс болған.

Қазір коронавирус пен коронавирус пневмониясынан 22 мыңнан астам адам емделіп жатыр. 10 248 адамның Covid тесті оң нәтиже көрсеткен. 252 науқастың жағдайы ауыр. Дәрігерлер 49 адамның жағдайын өте ауыр деп бағалайды. 44 науқас жасанды тыныс аппаратына қосылған.

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде Covid-ке шалдыққандар 81,2 миллионнан адамнан асты. 1 млн 772 мың адам адам қайтыс болды. 45,9 миллион адам аурудан жазылған.

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG