Accessibility links

Медицина қызметкері.
Медицина қызметкері.

Бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1002 адам тіркелді

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 118 млн 455 мың адамнан асты. 67 млн 95 мың адам жазылған. 2 млн 628 мың науқас қайтыс болған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан тараған бұл вирусты "пандемия" деп жариялаған. Коронавирус жайлы қаңтардың басында белгілі болды. Оны алғаш жұқтырғандар Қытайдың Хубэй провинциясының Ухань қаласында тіркелді. Вирус тыныс алу жолын зақымдап, пневмонияны өршітеді. Бұл дерттің көбіне егде жастағылар мен созылмалы ауруы бар адамдарға салдары ауыр болуы мүмкін.

09:00 25.1.2021

Covid: 1500-ге жуық науқас анықталды, 11 адам қайтыс болды

Қазақстанда 24 қаңтарда ПТР тесті оң шыққан 1 480 адам тіркелді. 16 адамның коронавирус пневмониясына шалдыққаны анықталған. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігінің 25 қаңтар күнгі хабарламасында жазылған. Өткен тәулікте 11 адам өлімі тіркелген: 8 науқас - коронавирустан, 3 адам коронавирус пневмониясынан қайтыс болғаны хабарланды.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда наурыз айынан бері 178 454 адамның ПТР тесті оң шыққан. 160 мыңнан астамы жазылған. 2 480 адам коронавирус қайтыс болған.

Қазақстан билігі 1 тамыздан бері пневмонияның Covid-ке ұқсас түріне жеке код беріп, бөлек тіркеп келеді. Содан бері 47 437 адам коронавирус пневмониясына шалдыққан. 555 адам қайтыс болған. 35 мыңнан астамы жазылған.

Қазір 27 360 адам коронавирустан емделіп жатыр. 15 661-інің ПТР-тесті оң шыққан. 311 адамның жағдайы ауыр, 43 науқастың хәлі өте ауыр. 42 адам жасанды тыныс аппаратына қосылған.

Джонс Хопкинс университетінің мәліметінше, әлемде Covid-ке шалдыққан адам саны 99,1 миллионнан асты. 2 млн 128 мыңнан астам науқас қайтыс болды. 54,693 миллионннан астамы аурудан жазылған.

07:16 25.1.2021

1 480 адамның ПТР тесті оң шыққан

24 қаңтарда Қазақстанда ПТР тесті оң шыққан 1 480 адам тіркелді. Бұл бір күнгі көрсеткішпен салыстырғанда шамамен 100 адамға аз.

Өткен тәулікте Нұр-Сұлтан қаласында 211 науқас анықталған. Павлодар облысында 217 адамның ПТР тесті оң шыққан.

Жалпы облыстар мен қалалардағы жағдай төмендегідей:

Нұр-Сұлтан - 21 485 (+211 адам жаңадан қосылды)

Алматы қаласында - 21 276 (+135),

Шығыс Қазақстан облысында - 19 835 (+31),

Атырау облысында - 15 598 (+101),

Қарағанды облысында - 13 308 (+82),

Павлодар облысында - 11 912 (+217),

Батыс Қазақстан облысында - 10 393 (+89),

Солтүстік Қазақстан облысында - 10 214 (+107),

Қостанай облысында - 9 487 (+137),

Ақмола облысында - 9 518 (+219),

Алматы облысында - 8 791 (+79),

Шымкент қаласында - 5 796 (+9),

Жамбыл облысында - 5 426 (+18),

Маңғыстау облысында - 3 971 (+11),

Түркістан облысында - 4 002 (+16),

Ақтөбе облысында - 3 898 (+9),

Қызылорда облысында - 3 506 (+6).

Наурыз айынан бері коронавирус жұққаны тестпен расталған науқастар 178 454 адамға жеткен.

12:54 24.1.2021

Коронавирус пневмониясымен 110 адам тіркелді

Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

23 қаңтар күні Қазақстанда коронавирус пневмониясымен 110 адам тіркелді. Пневмонияның бұл түрінен тағы екі адам қайтыс болды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Есебі 1 тамыздан бері жүргізіліп келе жатқан коронавирус пневмониясына шалдыққандар осымен 47 421 науқасқа жетті. Алты ай ішінде аурудан 552 адам қайтыс болған.

10:25 24.1.2021

Кейінгі 6 айдың рекорды. Коронавирус инфекциясымен 1584 науқас тіркелді

Жедел жәрдем көлігі. Алматы, 4 қаңтар 2021 жыл. Көрнекі сурет.
Жедел жәрдем көлігі. Алматы, 4 қаңтар 2021 жыл. Көрнекі сурет.

23 қаңтар күні Қазақстанда коронавирус жұқтырғаны ПТР тестімен расталған 1584 науқас тіркелді. Бұл – өткен жылдың 24 шілдесінен бергі ең жоғарғы көрсеткіш. Сол күні 1740 науқас тіркелген. Аурудан бір күнде 839 адам жазылып шыққан.

Тәулік ішінде анықталған науқастардың 60 пайызы солтүстік өңірлерге келеді. Ақмола облысында 237, Нұр-Сұлтан қаласында 229, Павлодар облысында 220, Қостанай облысында 177 және Солтүстік Қазақстан облысында 113 адамның ПТР тесті оң нәтиже көрсеткен.

Ең төменгі көрсеткіш әдеттегідей Қызылорда (16), Түркістан (16), Маңғыстау (11) және Ақтөбе облыстарында (10), сондай-ақ Шымкент қаласында (8) тіркелген.

Осылайша Қазақстанда вирус жұқтырғаны зертханалық талдаумен расталғандар 176 974 адамға жетіп отыр. Оның ішінде 159 486 адам жазылып шыққан.

Қазақстан үкіметі 1 тамыздан бастап ПТР тестімен расталмаған, бірақ ауру белгілері соған ұқсайтын коронавирус пневмониясының дерегін жүргізіп келеді. Ресми дерекке қарағанда, 1 тамыз бен 22 қаңтар аралығында коронавирус пневмониясымен 47 311 науқас тіркелген. Билік бұл деректі коронавирус жөніндегі ұлттық статистикаға қоспай отыр. Бірақ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен Джонс Хопкинс университеті секілді коронавирустың тарау картасын жүргізіп отырған мекемелер Қазақстанның бұл екі дерегін біріктіріп көрсетіп отыр.

Қазақстанның ресми дерегіне күдік келтіретіндер көп.

23 қаңтардағы ресми дерекке қарағанда, вирус жұқтырғаны ПТР тестімен расталған науқастар арасында барлығы 2466 адам қайтыс болған. Бұған вирус жұқтырғаны расталған, бірақ «ілеспе аурудан қайтыс болды» деген жүздеге адам кірмейді.

Сондай-ақ коронавирус пневмониясы дерегінің есебі кеш жүргізіле бастады дейтіндер бар. Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, Қазақстанда 1 қаңтар мен 2 тамыз аралығында 256 мың адам пневмониямен тіркелген. Бұл өткен жылдың балама мерзімінен 3,3 есе жоғары көрсеткіш еді. Көптеген маман аурудың бұлай беймезгіл өршуін коронавирустан көрді. Бірақ билік бұл науқастардың ПТР тесті теріс шықты деп оларды Covid науқасы ретінде санаудан бас тартты.

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG