Accessibility links

Медицина қызметкері.
Медицина қызметкері.

Бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1002 адам тіркелді

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 118 млн 455 мың адамнан асты. 67 млн 95 мың адам жазылған. 2 млн 628 мың науқас қайтыс болған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан тараған бұл вирусты "пандемия" деп жариялаған. Коронавирус жайлы қаңтардың басында белгілі болды. Оны алғаш жұқтырғандар Қытайдың Хубэй провинциясының Ухань қаласында тіркелді. Вирус тыныс алу жолын зақымдап, пневмонияны өршітеді. Бұл дерттің көбіне егде жастағылар мен созылмалы ауруы бар адамдарға салдары ауыр болуы мүмкін.

09:30 5.2.2021

1 257 адамнан коронавирус пен пневмония анықталды, 12 адам қайтыс болды

Қазақстанда тағы 1 186 адамға коронавирус жұққаны ПТР тестпен дәлелденген. 71 адамға коронавирус пневмониясы диагнозы қойылған. Денсаулық сақтау министрлігінің 5 ақпан күнгі хабарламасында осындай мәлімет көрсетілген. 12 адам өлімі тіркелген: 6 адам - коронавирустан, 6 адам коронавирус пневмониясынан қайтыс болды деп айтылады.

Ресми мәлімет бойынша, Қазақстанда наурыз айынан бері коронавирус жұқтырғандар 192 825 адамға жетті. 173 659-ы жазылған. Өткен тәулікте 1 450 адам айыққан. 2020 жылдың наурыз айынан бері 2 582 адам қайтыс болған.

Қазақстан билігі 2020 жылдың 1 тамызынан бері пневмонияның коронавирусқа ұқсас түріне жеке код беріп, бөлек есептеп келеді. Содан бері 48 158 адамнан коронавирус пневмониясы анықталған. 579 адам қайтыс болған. 36 683 адам жазылған.

Қазір коронавирустан 27 480 адам емделіп жатыр. 16 584-інің ПТР тесті теріс шыққан (яғни, оларға клиникалық белгілері бойынша Covid/коронавирус пневмониясы диагнозы қойылған). 5 734 науқас стационарда емделіп жатыр. 265 адамның жағдайы ауыр, 49 науқастың жағдайы өте ауыр. 48 адам жасанды тыныс аппаратына қосылған.

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 104 млн 829 мыңнан асты. 58 млн 259 мың адам жазылған. 2 млн 281 мың науқас қайтыс болған.

07:14 5.2.2021

4 ақпанда ПТР тесті оң шыққан 1 186 адам тіркелді

4 ақпанда Қазақстанда тағы 1 186 адамның ПТР тесті оң шыққаны белгілі болды. Ең жоғары көрсеткіш Павлодар облысында (225) тіркелген.

Жалпы облыстар мен қалалардағы жағдай төмендегідей:

Нұр-Сұлтан - 22 763 (+120 адам жаңадан қосылды)

Алматы қаласында - 22 551 (+112),

Шығыс Қазақстан облысында - 20 534 (+64),

Атырау облысында - 16 335 (+44),

Қарағанды облысында - 14 175 (+79),

Павлодар облысында - 14 538 (+225),

Батыс Қазақстан облысында - 11 395 (+88),

Солтүстік Қазақстан облысында - 11 243 (+64),

Қостанай облысында - 10 646 (+83),

Ақмола облысында - 11 661 (+164),

Алматы облысында - 9 556 (+71),

Шымкент қаласында - 5 914 (+9),

Жамбыл облысында - 5 636 (+22),

Маңғыстау облысында - 4 157 (+17),

Түркістан облысында - 4 157 (+9),

Ақтөбе облысында - 3 993 (+12),

Қызылорда облысында - 3 630 (+3).

2020 жылдың наурыз айынан бері коронавирус жұққаны тестпен расталған науқастар 192 825 адамға жеткен.

18:05 4.2.2021

11:29 4.2.2021

Аймақтағы коронавирус пневмониясы ахуалы

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, 2 ақпанда 82 адамға коронавирус пневмониясы диагнозы қойылған. Министрлік ақпан айынан бастап аймақтағы коронавирус пневмониясы ахуалы туралы мәліметті тарата бастаған.

Аймақтағы коронавирус пневмониясы ахуалы төмендегідей:

Нұр-Сұлтан - 7

Алматы қаласы - 4

Шымкент - 8

Ақмола облысы - 8

Ақтөбе облысы - 4

Алматы облысы - 12

Атырау - 3

Шығыс Қазақстан облысы - 9

Жамбыл облысы - 10

Батыс Қазақстан облысы - 0

Қарағанды облысы - 1

Қостанай облысы - 6

Қызылорда облысы - 1

Маңғыстау облысы - 4

Павлодар облысы - 2

Солтүстік Қазақстан облысы - 3

Түркістан облысы - 0

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG