Спортшыларға заңсыз берілетін әскери билет құны

Біз сұхбаттасқан Марат есімді жігіт, жеке басыма пәле тілегім келмейді деп, өз фамилиясын жарияламауды өтінді. Марат өз әңгімесін спортта 14 жыл тер төгіп еңбек еткенін, бірақ бүгінде спортты тастағанынан бастады.
- Мен спорттың еркін күрес түрімен шұғылдағанмын. Осы бір – екі жыл болды үлкен спортты қойғаныма.

- Неліктен спорт түрлерінен дәл осы еркін күресті таңдап адыңыз ?

- Оған ең бірінші себеп - менің ағам. Ол күреспен шұғылданып, көз алдымда кішкентай кезімнен күресіп жүрді. Соған қарап , қызығып солар сияқты болғым келді. Бір- ақ күнде басталып кетті мектепте. Содан спорттық арнайы мектап – интернатты оқып бітірдім, денешынықтыру мамандығынан Университетті де бітірдім. Спортқа байланысты қандай жоғарғы оқу орындары бар соларды да оқып бітірдім.

- Бүгінгі таңға дейін спортта қандай жетістікке жеттіңіз?

- Жасөспірімдер арасында Қазақстан құрамасында болдым, екі жылдай. Сол кезде Қарағандының атынан күрестім. Барған жарыстарда жақсы – жақсы көрсеткіштер көрсетіп жүрдім. Апарған жерлерден не алтын, не күміс алып келіп жүрдік. Сөйтіп жарысып жастар арасына кіріп жатқан кезде ауыр жарақат алып, жаттығудан да ұлттық құрамадан да шығып қалдым. Емделіп, қалпыма келгенше бір жылдай уақыт өтіп кетті. Жасымда өсіп қалды, сол кезде жастардан бірден ересектер арасына кірдім. Ересектер арасында Қазақстан құрамасына қанша тырысып, қанша күресіп, қанша нәтиже көрсеткенмен бәрі бір кіргізбей қойды.

- Ол сонда неге байланысты?

- Басты себеп, тамыр- таныс арқылы жәнеде мына қалталы ағайлар арқылы. Егерде мінің қалталы ағам немесе жоғарғы жақта «дядькам» отырғанда, мен әйтеуір Қазақстан құрамасының атынан шет елдерге Азия ойындарына немесе әлемге шығуыма болушы еді. Оған бәрі –бір жайдан –жай шығармайды. Көріп жүрміз ғой.

- Сіз қай жерде өзіңіздің жаттығу жұмыстарын жасадыңыз, қандай жарыстарға бардыңыз?

- Көбінесе Қазақстан біріншілігі, Қазақстан чемпионаты, Қазақстан халықтарының спартакиядасына қатыстым. Қолдан келгеннің бәрін істедік. Бірақ алмаймын деген жерге бәрі- бір алмайды ғой. Өз адамдарын апарды. Бізде спорт.рота деген бар. Күресіп жүріп спорт.ротаға кіргізіп қояды. Екі жыл күресесің осы екі жалда әскеріңдіде бітіресің. Сосын ойладым, ертең болашақта керек болар, әскерімді бітіріп алайын дедім. Енді шет елдерге жарысқа бармасақта, құрамаға кірмесекте әскери билет алып алайын дедім. Соны әні- міне деп созып жүрді. Бір күні бапкерім маған бас бапкермен сөйлесейік деді. Барып сөйлестік, жағдайды шешетін болып, бәрі дұрыс балған сияқы болды. Сосын бөлмеден шыққаннан кейін бапкерім айтады « жағдай болса бір – екі күнде 100 доллар алып келіп таста » -деп. Мен бапкерімнің олай дейді деп ойламадым. Мен егер сырттан келген, бөтен адам болсам екен. Мен сонда қанша жыл тер төгуім керек, таға сендерге ақша беруім керек деп ойладым да, ондай әскери билеттің керегі жоқ дедім. Осы соңғы екі жыл болды үлкен спортпен қоштасқаныма.

- Өзіңіздің пікіріңіз, спорттағы пара алу жағдайларын жою үшін қанда іс-шаралар жасалынуы тиіс?

- Енді ондайды бірден жою мүмкін емес. Бізде қазақта бәрі-бір бірнәрсе болса ағайын – туыс іздей бастайды. Ондайлар болмаса, сонда ғана азаюы мүмкін.

Мараттың әңгімесінің аяғында өз арманының орындалмай қалғанына өкінетіндігін айта келіп , алдағы XXVIII –ші Олимпияда ойындарына бара жатқан Қазақстан құрама командасына сәттілік тіледі.

- Басты арманым – Олимпияданы ұту еді . Дүниежүзілік, халықаралық турнирларды ұту. Әйгілі спортшы болу, Қазақстанның атын шет елге шағару еді. Бір кездерде сондай сенімділік болды, сондай болашақ бар сияқты балып көрінді. Бірақ адамдар кейбір адамдардың бағын байлап тастайды, ол кезде біз баламыз, қолымыздан түк келмейді. Өкінішке орай үлкен спортты тастадым, қазіргі таңда басқа кәсіппен айналысуға тура келді. Өкінішті әрине, арманым орындай қалғанына, бірақ тағдыр шығар солай болу керек шығар. Дегенмен газет беттерінен де теледидардан да спорт бағдарламаларын жібермей қарап отырамын. Қазақстан спортшыларының жетістіктеріне қуанамын. Алдағы Олимпиядаға бара жатқан Қазақстанның спортшыларына үлкен сеніммен қараймын. Қазақстан 3 не 4 мадаль аламыз деп өзіне мақсат қойды ғой. Өзімнің ойым Қазақстан алдына қойған мақсатын орындайды. Солардың жеңісіне өзім сенемін, соларға сәттілік тілеймін.