Электронды дауыс беру жүйесі мүгедектер құқын қаншалықты қорғайды?

Қыркүйектің 19-ы күні өтетін Парламент мәжілісіне сайлау электронды дауыс беру арқылы өтеді деп күтіліп отыр. Аталмыш бұл жүйені жақтайтында, қолдамайтындар да бар. Соңғылардың қатарында « Демократия және құқық » Қазақстан халықаралық тарихи құқық орталығыда еніп отыр. Олардың көтеріп отырған басты мәселесі, алда өтетін электронды дауыс беру барысында мүмкіндіктері шектеулі, мүгедек адамдардың құқы қаншалықты сақталады
Алдағы Парламент мәжілісіне сайлау электронды дауыс беру арқылы жүзеге асырылады деп күтілуде. Орталық сайлау комитеті аталмыш бұл жүйе жүзеге асырылу барысында, Қазақстан Республикасындағы әр азаматтың құқығы сақталады дегенді айтуда. Сайлаудың ашық және демократиялық түрде өтуі үшін барлық жайттар қарастырылған.

Дегенмен, бүгінде сайлау қарсаңында Қазақстандағы мүмкіндіктері шектеулі немесе әр түрлі топтағы мүгедек адамдардың сайлау барысында құқығы қаншалықты қорғалады деген сұрақ туындап отыр.

Қазақстанда олардың саны 400 мың адам. Соның ішінде құлағы естімейтін 94 мың адаммен шала еститін 55 мың жандар бар екен. Алматы қаласындағы құлағы естімейтін саңырау мүгедектерді қолдау орталығының төрайымы Аманбике Ерғалиева, осы жандардың құқы өткен және де алдағы өтетін сайлау барысында қорғалмай келеді дегенді айтып отыр.

- Бұрынғы дауыс берген кездерде, бізде көп саңырау мүгедектер сайлау қатыспаған. Ал енді қазір электронды сайлау жүйесіне де бізде ешкім қатыспайды. Алматы қаласы бойынша 5 мыңнан астам, облыс бойынша 12 мыңнан астам мүгедектер осы сайлаудан түсіп қалып жатыр. Екіншіден , осыорталық сайлау учаскелері болмаса осыны ұйымдастырып жатқан адамдар мүгедектерді елеп, бұларды қарап , оларды қалай оқыту керек, бұларды қалай дайындау керек деген ешқандай бағдарлама жоқ.Сондықтан бұл жерде мүгедектер құқы бұзылып отыр деп айтуға болады.

Ал Алматы қалалық зағиптар қоғамының төрағасының міндетін атқарушы Махмуд Бабаевтың айтуынша, тек Алматы қаласының өзінде 1700 көздері көрмейтін адамдар есепте бар екен. Оларға дауыс беру барысында жанында біреу тұрып көмектеспесе, өздерінің дауыс беруі мүмкін емес дегенді айтып отыр.

Ал егер дауыс берушімен бірге жанында тағы бір адам болса онда сайлаудың құпия түрде өтуі мүмкін емес деуде.

Ал орталық сайлау көмитетіне осы сұрақтармен хабарласқанымызда, комитеттің ақпарат бөлімінің меңгерушісі Григорий Кулеш, өткен сайлау барыстарында бюллетен арқылы дауыс беру кезінде көздері нашар көретін адамдар жанына адам алып дауыс берген болатын. Биылда солай өтпек тек қағаздың орнына электронды дауыс беру. Оның айтуынша, заңмен қарастырылған жалғыз нәрсе бар ол, зағип жанның жанында болатын адам комиссия мүшесі, бақылаушылар және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі болмауы тиіс.

Ол басқа дауыс беруші ,көршісі немес үлкен кісімен келген немересі болуы мүмкін.Әрине туысы келіп көмектесуіне болады.

Сұлтанбеков Миатбек екінші топтағы мүгедек, ол кісі жылда өтетін сайлауларға қатысатындығын айтты.

- Мен жылда сайлауға қатысамын.Енді мен өзім аздап көремін содан кейін маған кішкене жеңілдеу.Бірақ бізде көрмейтіндер бар. Соларға мына электронды дауыс беру деген қиын болады.Білмеймін олардың барлығы қалай өтетінін.Не ешкім бізге келіп түсіндіріп айтқан жоқ. Мүгедектерді қалай апарады, не болмаса бізге келеме, келмей ме?

- Ал биылғы мына куәліктеріңіздерде штрих кодтарыңыз бар ма?

- Кей біреуінде бар, кей біруінде жоқ. Өзімде бар.

- Ал биыл мына сайлауға барасыз ба?

- Мен барамын.Компютермен қолдануды білмеймін. Бара көремін енді.

Миатбек ағай, сайлауға биылда қалмай барамын дегенмен, көздері мүлдем көрмейтін зағип жандар сайлаудан жылда тыс қалады дегенді атып отыр.