Физикадан 2020 жылғы Нобель сыйлығын Оксфорд университетінде жұмыс істейтін профессор Роджер Пенроуз, АҚШ-та жұмыс істейтін германиялық ғалым Рейнхард Герцель және америкалық физик Андреа Гез алды. Сыйлық иегерлерінің есімі Стокгольмдегі марапаттау рәсімінде жарияланды.
Пенроузу салыстырмалылық теория аясында қара құрдымды зерттегені үшін берілді. Ал Гензель мен Гез "галактиканың орталығында өте ауыр объектіні ашқаны үшін" сыйлықты алды.
Пенроуз сыйақының жартысын, Гензель мен Гез жартысын алады.
BREAKING NEWS: The Royal Swedish Academy of Sciences has decided to award the 2020 #NobelPrize in Physics with one half to Roger Penrose and the other half jointly to Reinhard Genzel and Andrea Ghez. pic.twitter.com/MipWwFtMjz
— The Nobel Prize (@NobelPrize) October 6, 2020
Бұған дейін, 5 қазанда физиология және медицина бойынша 2020 жылғы Нобель сыйлығы С гепатиті вирусын ашып, осы дертпен күреске үлес қосқан ғалымдар – америкалық Харвин Олтер мен Чарльз Райс және британдық Майкл Хоутон алды.