Қырғызстанда қар көшкінінен алты адам опат болды

Ақсай тауында іздеу жұмыстарын жүргізген құтқарушылар. 18 қазан 2024 жыл.

Қырғызстанның оңтүстік-батысындағы Жалалабад облысында қар көшкіні кезінде жоғалған үш адамның денесі табылды. Бір күн бұрын құтқарушылар тағы үш адамның сүйегін тапқан. Олар Құмбел аумағындағы штабқа тікұшақпен жеткізілді.

Ақсай тауындағы іздеу-құтқару жұмыстары бірнеше күнге созылған.

Қырғызстан төтенше жағдай министрлігінің мәліметінше, 9 қазанда 14 адам (Қаныш Қия ауылының тұрғындары және бірі шетел азаматы) сирек кездесетін өсімдіктің тамырларын жинау үшін тауға шығып, ізінше олармен байланыс үзілген.

Іздеу жұмыстары нәтижесінде 16 қазанда 8 адам табылды - бәрі аман-есен. Алты адам қар көшкінінен қаза болған.