Бельгия астанасы Брюссельдегі әуежайда болған екі жарылыстан, алдын-ала ресми дерек бойынша, 11 адам қаза тапқан, 81 адам жараланған. Метродағы жарылыстан 15 адам көз жұмып, 55 адам жараланған.
Бельгиялық телекомпаниялардың бірінің дерегінше, жиыны 34 адам (әуежайда - 14, метрода - 20 адам) қаза тапқан.
Әуежайдағы жарылыс болған маңның картасы
INFOGRAPHIC: Location of blasts at #Brussels%27 Zaventem airport. - @RFERL pic.twitter.com/OjcWjSoyTR
— Conflict News (@Conflicts) 22 марта 2016 г.
Завентем әуежайындағы жарылыс таңғы сағат 8 кезінде болған. Бельгиялық RTE телеарнасы жарылыстан бұрын бірнеше рет атылған оқ дауысы естілгенін айтады. CBS news жанкешті өзін-өзі жарған деп хабарлаған.
Брюссель прокуратурасы да әуежайдың ұшу залындағы жарылысты жанкешті жасағанын растады.
PHOTO: Aftermath of the bombs inside the Zavantem airport in Brussels #BrusselsBlast(Pic courtesy @Terror_Monitor) pic.twitter.com/pugfW5JS2e
— CNN-IBN News (@ibnlive) 22 марта 2016 г.
#BREAKING: Two loud explosions at #Zaventem airport in #Brussels pic.twitter.com/JFw9RGLjnh
— Anna Ahronheim (@AAhronheim) 22 марта 2016 г.
Әуежайдағы жарылыстан кейін бір сағаттай уақыт өте бере қаладағы Маельбэк метро станциясы маңында да жарылыс болды.
Метрополитенге жауапты STIB компаниясының дерегінше, метродағы бомба вагондардың бірінде болған. Үш вагонның екіншісіне жасырылған бомба поезд станциядан шығып, туннельге кіре бергенде жарылған.
Metro #Brussel nu pic.twitter.com/XewNyQhQS2 #zaventem #maalbeek
— Paul en Witteman (@Paulenwitteman) 22 марта 2016 г.
Брюссельде террористік қауіп деңгейі ең жоғарғы шекте деп хабарланды. Ондағы әуежай кемінде ертең таңғы сағат 6-ға дейін жабылды. Қаладағы қоғамдық көліктер тоқтап, негізгі теміржол вокзалдары жабылып қалды. Ел үш күндік аза тұту жариялады деп хабарлады жергілікті БАҚ.
Бельгиядағы Қазақстан елшілігінің қызметкері Файзрахман Қасенов "алдын-ала деректерге қарағанда, бүгінгі оқиғадан қаза тапқандардың арасында қазақстандықтар жоқ, Бельгия билігінен анық ақпарат сұрап жатырмыз" деді Азаттыққа.
Брюссельдегі жарылыстар картасы
#NEWSGRAPHIC Explosions rock Brussels airport and metro service in Tuesday morning rush hour pic.twitter.com/fCUFNOfBoI
— AFP news agency (@AFP) 22 марта 2016 г.
Брюссельдегі жарылыстардың жауапкершілігін "Ислам мемлекеті" экстремистік тобы мойнына алды. Бұл топтың мәлімдемесін оған қатысы бар Amaq ақпарат агенттігі таратты.
18 наурызда Брюссель маңында Париждегі терактілерге қатысы бар деген күдікті Салех Абдеслам полиция операциясы кезінде ұсталған. 2015 жылы 13 қарашада Парижде болған, "Ислам мемлекеті" экстремистік тобы мойнына алған терактілерден 130-дан астам адам қаза тапқан. Полиция Абдесламды ұстар кезде "ол жақтастарымен бірге Еуропада жаңадан терактілер жасағалы жатыр" деп хабарлаған.