Тіпті кейбіреулері теракт құрбандарына жанашырлық ретінде журналда жарық көрген дінді қорлайтын карикатураларды көшіріп басу жөнінде үндеу тастады.
МҰХАММЕД ПАЙҒАМБАРДЫҢ СУРЕТІ
Қаңтардың 7-сі күні Charlie Hebdo журналына қарулы топ шабуыл жасап, 12 адамды, соның ішінде басылымның төрт карикатурашысын атып өлтірді. Осы жантүршігерлік оқиғадан соң іле-шала Twitter әлеуметтік желісінде журналистерді жақтағандар пікір қалдыратын #jesuischarlie хэштегі пайда болды.
Діни және саяси қайраткерлерді әжуалайтын карикатуралық суреттер басумен танылған француздың бұл апталық журналы кезінде Мұхаммед пайғамбардың карикатурасын жариялап, мұсылман қауымның ашу-ызасын туғызған.
«САТИРА– ТИРАНИЯҒА ҚАРСЫ ҚҰРАЛ»
Францияда шығатын Le Figaro газеті осы хэштегті пайдаланып, жұртты қаңтардың 7-сі Парижде өткен журналды қолдау шеруіне шақырды.
EN DIRECT - Un rassemblement lancé à Paris ce soir, 19h http://t.co/tfHibs3hPU #CharlieHebdo #JeSuisCharlie pic.twitter.com/g3C7Fw8jQr
— Le Figaro (@Le_Figaro) January 7, 2015
«Шайтан өлеңдері» деген атпен әңгіме жазғаны үшін өміріне қауіп төніп, ұзақ жыл бойы полицияның қорғауында жүрген жазушы Салман Рушди де #jesuischarlie хэштегін пайдаланып, осы үндеуді қолдады. Twitter-дегі парақшасы арқылы сатираны дәріптеген ол: «Сатира әрдайым тиранияға, арамдыққа және ақымақтыққа қарсы тұратын, бостандыққа апаратын құдіретті күш» деп жазды.
.#JeSuisCharlie
http://t.co/hZ6n83A0P5
— Salman Rushdie (@SalmanRushdie) January 7, 2015
Salman Rushdie: "Satire has always been a force for liberty and against tyranny, dishonesty and stupidity" #CharlieHebdo
— Josh Glancy (@joshglancy) January 7, 2015
Пікір білдірушілердің енді бір тобы мұндай шабуылдар журналистердің үнін өшіре алмайды деген ой айтып жатыр.
«Дәл қазір журналистер жұмыла көтеріліп, біздің үнімізді өшіруге тырысқан мұндай қандықол шабуылдан еш нәтиже болмайтынын білдіруі керек» деп жазды бір интернет қолданушы.
"Journalists must now stand together to send the message that such murderous attempts to silence us will not stand.” - @pressfreedom
— Mashable News (@MashableNews) January 7, 2015
Арасында Charlie Hebdo журналының кейбір әйгілі карикатураларын көшіріп басу жөнінде ұсыныстар да айтылды және ол суреттерді толық жарияламаған журналдар сынға ұшырады.
I'm speechless, what a cruel attack on pressfreedom! All newspapers should publish #CharlieHebdo cartoons tomorrow
— Birgit Schmeitzner (@BSchmeitzner) January 7, 2015
why has daily telegraph pixelated this Charlie Hebdo cover? Shameful http://t.co/GsU6a91szT
— Edward Lucas (@edwardlucas) January 7, 2015
don't pixilate the "offending" Charlie Hebdo covers. Retweet & share them http://t.co/hwvOCQVsZe
— Edward Lucas (@edwardlucas) January 7, 2015
Әзірге ірі басылымдар арасында The Daily Beast басылымы ғана бұл үндеуге құлақ асқан сыңайлы.
2005 ЖЫЛҒЫ ЖУРНАЛИСТЕР ЫНТЫМАҒЫ
Былтыр басылымдардың көбі мұндай карикатуралық суреттерді жариялауға болмайтын материалдар қатарына қосып, шығарудан бас тартып келген.
2005 жылы қыркүйекте даниялық Jyllands-Posten газеті Мұхаммед пайғамбарды әжуалайтын бір топ сурет басып, дүние жүзіндегі мұсылман атаулының ашуын туғызған. Сол кезде Нидерланд, Германия, Румыния, Швейцария және Скандинавия басылымдары әлгі суреттерді өз беттерінде көшіріп басып, даниялық газетке қолдау көрсеткен. Алайда Канада мен Ұлыбританияның ірі ақпарат құралдары пайғамбарды әжуалауға жол бермеген. АҚШ-та тек бірнеше басылым ғана ол карикатураларды көшіріп басқан еді.
New Yorker басылымы мына бір суретінде бұқаралық ақпарат құралдарының «қауіпті» карикатураларды жариялаудан қашқақтайтынын әжуалаған:
This cartoon by Robert Mankoff from The New Yorker Sept 2012.
#CharlieHebdo pic.twitter.com/pyQfnV42Su
— John O'Farrell (@mrjohnofarrell) January 7, 2015
Ұлыбританияда шығатын Jewish Chronicle басылымының редакторы Стефен Поллард «Газеттерді «карикатураны неге шығармайды?» деп сынау оңай. Бірақ мен редактор ретінде екіұдай күйде отырмын. Принциптерім бойынша, оларды жариялау керек. Бірақ мен неге бұл арқылы газет қызметкерлерінің өміріне қауіп төндіруге тиіспін?» дейді.
Easy to attack papers for not showing cartoons. But here's my editor's dilemma. Every principle I hold tells me to print them. But 1/2
— Stephen Pollard (@stephenpollard) January 7, 2015
what right do I have to risk the lives of my staff to make a point? 2/2
— Stephen Pollard (@stephenpollard) January 7, 2015