Accessibility links

Халықаралық « Азия дауысы » фестивалі қызу дайындық үстінде.


Халақаралық « Азия дауысы » фестивалі ішінде « Ең үздік қазақ әні » байқауы, биыл 9-шы рет өткелі отыр. Бұл әншінің емес , әннің байқауы. Байқаудың ұйымдастырушыларының айтуынша, бұл қазақ әнін дамыту мақсатында жасалынып жүрген шара. Биылғы қазақ әндерінің байқауына, Қазақстандықтарға кеңінен танымал әншілермен қатар жаңа, жас әнші , музыканттар барлығы 14 конкурсант қатысатын болады.

Биылғы 15 – ші халықаралық « Азия дауысы » фестиваліне 15 конкурсант қатысады деп күтілуде. Ұйымдастырушылардың айтуынша, фестиваль тырихында Антарктидадан басқа әлемнің барлық құрлықтарының музыканттары қатысып , бірін –бірі тыңдауға, үйренуге және бірігіп өнерді өркендетуге мүмкіндік жасап келеді. Биылғы фестивальге Қазақстанның атынан « Нью – бойз » тобымен Әлден Жақсыбеков шығып, алыс жақын шет елдерден келген музыканттармен өнерін сынамақ. « Азия дауысы » фестивалі шеңберінде « Ең үздік қазақ әндері » байқауы биыл тоғызыншы рет өткелі отыр. Бүгінде дәстүрге арналған бұл байқауда, көрермендер үздік әнші емес, ең үздік ән таңдайды. Аталмыш бұл бақауға биыл Медеу Арынбаев, Маржан Арапбаева сынды танымал әншілермен бірге, ән әлеміне енді ғана еніп жатқан жас музыканттар өз әндерін көрермен назарына ұсынбақ. Соның бірі Айгүл Иманбаева « Азия дауысы » фестиваліне дейін еш қандай ән байқауларына қатыспағандығын айтып отыр.

-Мен бұдан бұрын Республикалық әзіл-сықақ конкурсына қатысып, бірінші жүлдені жеңіп алған болатынмын.Ал ән байқауларынан бірінші осы « Азия дауысы » фестивалі.

Ал биылғы жылғы « Жас қанат » байқауының дипломанттары Түркістандық « Ұлан » тобының мүшесінің бірі Мақсат, қазіргі тыңдарман көбіне жастар орындап жүрген әндердің мағынасын дұрыс түсіне бермейді дегенді айтады.

- Көбіне үлкендер ырғақты музыканы құлағы шалса болды, бұл ән дұрыс емес деген пікірлер айтып жатыды. Ол дұрыс емес. Мысалы, сол әннің мәтінін қағаз бетіне түсіріп, мағынасына мән берсек, ол әннің мәнді де мағналы екенін көреміз.

Ал Гүлназ Баймедетова байқау алдындағы көңіл күйін төмендегідей білдірген болатын.

- Мен биыл « Жас қанат » байқауына қатысып, үйренгеннен кейін бе, үлкен сахнадан қатты қорқып тұрғаным жоқ. Дегенмен, аздап қобалжу бар.

« Ен үздік қазақ әні » байқауына 14 конкурсант қатыспақ. Ал Жалпы биылғы халықаралық « Азия дауысы » фестиваліне 15 музыкант өз өнерлерін сынамақ. Бүгінгі таңда конкурсанттардың алғашқы легі келді, Бұл туралы бізге «Азия дауысы » фестивалінің мемлекеттіктілдегі ақпарат құралдарымен жұмысты үйлестіруші Орынбасар Доңғабақ хабарлаған болатын.

- Бүгінде Қытайдан,Грузиядан және Чехиядан келді. Бұлар ертең алғашқы репетицияларын жасайтын болады.

Орынбасар Доңғабақтың айтуынша, биылғы жылғы фестивальді көпшілік үйінен шықпай да тамашалай алу мүмкіндігі бар. Ол үшін тек қана интернетке қосылған компютеріңіздің болуы қажет.

- Биыл бірінші рет «Азия дауысы » фестивалін Интернет арқылы да көруге болатын болды. Біз тікелей беріп отыратын болмыз.

Соңғы екі жылда « Азия дауысы » фестивалі Алматы қаласының ішінде өткізіліп келген болатын. Биыл жөнедеу жұмыстарынан кейін фестиваль « Медеуге » қайта оралып отыр.
XS
SM
MD
LG