Accessibility links

Блогерлер Ресей әскері Курск облысында шабуылға көшкенін хабарлады


Ресей әскері Украина күштері басып алған Курск облысы аумағының батыс бөлігінде украин армиясының қорғанысын бұзып өтті. Бұл жөнінде украиналық DeepState жобасы хабарлады. Шабуыл туралы ақпаратты ресейлік әскери блогерлер де жазды.

DeepState 10 қазан кешкісін аудандағы ахуалды "өте нашар" деп сипаттады. Ақпаратқа қарағанда, Новоивановка ауданындағы шайқасқа әдетте майдан сызығынан алшақ жерде жүретін артиллеристер мен дрон операторлары да кіріскен. Ресей әскері Суджаның солтүстік-батысынан 19 шақырым жердегі Зеленый Шлях қонысы мен Новоивановка ауданындағы позициясын нығайтқан.

Бейсенбі күні кешке ресейлік әскери қызметкер, блогер Борис Рожин Ресей әскерінің сол ауданда "сәтті қимылдап жатқанын" жазды. Суджаның оңтүстік-шығысынан 11 шақырым жерде Плеховода да ұрыс жүріп жатқаны хабарланды.

Ресейлік "Два Майора" әскери арнасының жазуынша, украин күштері бір мезетте шабуыл жасауға да талпынып жатыр. Украина қарулы күштерінің Курск облысының Глушков ауданындағы Веселый аумағына шабуылын жалғастырып жатқаны айтылды. Елді мекен шекарадан 3.5 шақырым жерде жатыр. Ақпаратқа ресми түсініктеме берілген жоқ.

  • 2024 жылы 6 тамызда Ресейдің Курск облысы аумағына Украина жасағы кірген. Содан бері аймақта шайқас жүріп жатыр. Украина әскері аудан орталығы Суджа мен ондаған елді мекенді бақылауға алғанын хабарлаған. Ресей билігі мұндай ақпаратты жоққа шығарады немесе түсініктеме бермейді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG