Accessibility links

Украинадан Еуропаға кетіп бара жатқан әйел мен бала. 5 наурыз 2022 жыл.
Украинадан Еуропаға кетіп бара жатқан әйел мен бала. 5 наурыз 2022 жыл.

Украинадағы соғыс. 1-8 наурыз арасында не болды?

Украинадағы соғыс жайлы барлық ақпаратты осы парақшадан таба аласыз.

  • Украинада шайқас жүріп жатқан аймақтардан бейбіт тұрғындарды эвакуациялау үшін гуманитарлық коридорлар ашылды. Коридор ашуды екі тарап келіссөз кезінде келіскен.
  • Украина Ресей 12 мың әскерінен айырылды деп отыр.
  • АҚШ Ресей мұнайынан бас тартады.
  • Украинадан соғыс басталғалы екі миллион адам елден кетуге мәжбүр болған.
  • Украина президенті Владимир Зеленский Киевте екенін мәлімдеп, бірнеше видео жариялады.
  • Британиялық Shell мұнай-газ компаниясы ресейлік жобалардан шығатынын, Ресейден мұнай шикізатын алмайтынын мәлімдеді.
  • Жапония мен Австралия да Ресейге санкцияны күшейтті.
18:35 2.3.2022

2 наурыз. Украинадағы соғыста дәл қазір не белгілі?

  • Сәрсенбіге қараған түні Ресей Житомир қаласына әуеден шабуыл жасалып, кемі екі адам қаза тауып, он үй қираған. Ресей осыған дейін Киев, Харьков және басқа да қалаларға шабуыл жасаған.
  • Украина тарабы 5840 ресейлік әскерилер опат болғанын мәлімдеді. Бірақ соғыс кезінде бұл деректерді тексеру өте қиын. Ресей жағы әскерилер арасында қаза болғандар барын бірнеше рет айтқанымен, нақты санын айтпай отыр.
  • Қазақстан президенті Тоқаев пен Ресей президенті Путин телефон арқылы сөйлесіп, Украинадағы жағдайды талқылаған. Ақорданың хабарлауынша, Тоқаев Украинадағы жағдайда "келісімге қол жеткізудің аса маңызды екенін атап өткен".
  • Boeing ресейлік әуе компанияларына техникалық қызмет көрсетпейтінін мәлімдеді. АҚШ Ресей ұшақтарына әуесін жапты.
  • БҰҰ Босқындар жөніндегі комиссарының баспасөз қызметі соғыс басталғалы Украинадан 835,928 адам босып кеткенін хабарлады.
  • "ОВД-Инфо" дерегінше, Ресейде соғысқа қарсы наразылық кезінде жеті мыңдай адам ұсталған.
  • Украиналық әскерилер Киевтегі телемұнараға "Калибр" қанатты ракетадан шабуыл жасалғанын анықтады, мұндай екі ракета атылған. 1 наурызда Ресей Киевтегі телемұнараға әуеден шабуылдап, кемі бес адам қаза тапқан еді.
  • Еуропа одағы Ресейге еуро валютасын жеткізуге тыйым салды.
  • ЕО ВТБ, "Россия", "Открытие", Новикомбанк, Промсвязьбанк, Совкомбанк және ВЭБ банктерін SWIFT жүйесінен өшірді.
  • Ресейде бір доллар құны 110 рубльге жетіп қалды.
  • Харьковқа бүгін тағы ракетадан шабуыл жасалғаны хабарланды. Шабуылдан қалалық кеңестің және соның жанындағы ғимараттардың терезесі сынған.
17:58 2.3.2022

БҰҰ Босқындар жөніндегі комиссарының баспасөз қызметі соғыс басталғалы Украинадан 835,928 адам босып кеткенін хабарлады.

17:50 2.3.2022

Харьковқа тағы шабуыл жасалды

Харьковқа бүгін тағы ракетадан шабуыл жасалғаны хабарланды. Шабуылдан қалалық кеңестің және соның жанындағы ғимараттардың терезесі сынған.

Украина президенті кеңсесінің өкілі Алексей Арестович брифингте Харьковқа реактивті жүйеден шабуыл жасалғанын айтты.

17:25 2.3.2022

Еуропа одағы Ресейге еуро валютасын жеткізуге тыйым салды. Бұған қоса, Еуропа одағы ВТБ, "Россия", "Открытие", Новикомбанк, Промсвязьбанк, Совкомбанк және ВЭБ банктерін SWIFT жүйесінен өшірді.

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG